"Мектепке жол" акциясы » КГУ «Общеобразовательная школа №194 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№194 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 372-50-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 372-50-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2022

"Мектепке жол" акциясы

Алматы қаласы Медеу ауданы Көлсай шағын ауданы 

№ 194 негізгі орта мектебінде өткен 

«Мектепке жол» акциясы туралы

АНЫҚТАМА

№194 негізгі орта мектептің әкімшілігі мен ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі №3-15-3/2317И хатын орындау мақсатында 5 шілдеде жаңа оқу жылына оқушыларды даярлау кезінде әлеуметтік жағдайлары аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсету барысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.

«Мектепке жол»  жалпы республикалық қайырымдылық акциясын 2022 жылғы 5 шілдеден бастап жыл бойына дейін ұйымдастыру және өткізуі жөніндегі өңірлік іс-шара жоспары жасалынды. № 194 негізігі орта мектебінің Ықшам ауданы бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатын рейдтерді ұйымдастыратын және өткізетін кезкекшілік кестесі құрылды.

Акцияның барысында шағын ауданға бөлінген мұғалімдер үй-үйді аралап, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тізімі нақтыланды. Аз қамтылған, көп балалы толық емес отбасы балаларының есебі алынды. Акция аз қамтылған отбасы оқушыларына жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Акция мақсаты- оқумен қамтылмаған  оқушыларды анықтау, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының оқушыларына, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуына материалдық көмек көрсету және әлеуметтік жағдайы бойынша мектепке келмеудің алдын алу. «Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылушы комитет бекітілді, яғни шағын ауданды аралап оқушыларды жаппай оқытумен қамту мақсатында үй үйлерді аралады, әлеуметтік-қорғалмаған балалар туралы ақпараттар жинады. Мектеп жасындағы балаларды есепке алғанда, рейд барысында білім беру ұйымдарында оқуын әрі қарай жалғастыруын бақылау мақсатында негізгі мектеп бітірушілерге ерекше көңіл аударылды. Негізгі мектеп бітірушілердің оқуын жалғастырып жүрген жерінен растаушы құжаттар жинау ұйымдастырылды. Мектепте ақпараттық стенд жасалынып, акцияның жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар ақпараттық стендте Мектепке жол акциясын жүргізуде ата-аналардың жәрдемдесуіне өтініш үндеуі орналасты. Акцияға байланысты акция логотипі мен жедел желі, сенім телефондарының нөмірлері бейнеленген плакаттардың жазба нұсқаларына арналған бұрыш жасалынды. Көмекке жиналған заттарды қабылдайтын бөлім ашылды. Мектепте әлеуметтік көмекті қажет ететін балалар туралы ақпараттар банкі жаңарады.

«Мектепке жол акциясы» бойынша «Жалпыға бірдей оқу қорынан»  әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыдан шыққан 8 оқушыға  материалдық көмек көрсетілді. 2-9 сынып оқушыларына 43000 тг, ата-аналарының жеке счеттарына аударылды. Мектеп формасын алғаны жөнінде ата-аналар түбіртек өткізілді. Сонымен қатар Медеу аудандық білім бөлімінің тапқан спонсордың көмегімен мектебіміздің 17 оқушысына мектеп формасы табысталды. Медеу аудандық әкімдік тарапынан мектеп жол акциясына өз көмектерін тигізді. Оларға 5 оқушыға мектеп формасы және 3 оқушыға сөмке толы мектепке қажетті құрал жабдықтар берілді.

«Мектепке жол акциясы» бойынша ата-аналар тарапынан қаржылай көмек көрсетіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 5 оқушыға мектепке қажетті құрал жабдықтарын алып берді. 

Мектеп іс жүргізушісі сынып жетекшілерімен бірлесіп, мектептің алфавит кітабын, келген-кеткен оқушылар есебін, оқушылардың жеке іс-қағаздарын реттеп, толықтырды. Акция барысында жоспарға сәйкес  Көлсай шағын ауданында орналасқан учаскелердегі үйлерді бекітілген мұғалімдер аралап шықты. Тексеру барысында оқумен қамтылмаған оқушылар анықталаған жоқ.

Көмек алған оқушылардың көңілдері көтеріліп, көмектескен жандарға өз алғыстарын жеткізді.