01
март
2023
Азматтық қорғаныс күні
Жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының шақыруы бойынша 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Мереке табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу ісіндегі елдердің күш-жігерін үйлестіруге, халықты, АҚ қызметтерін ықтимал экстремалды жағдайларға дайындауға бағытталған. ХАҚҰ-ның негізгі мақсаттары азаматтық қорғау құрылымдарын құруға және күшейтуге жәрдемдесу, техникалық және консультациялық көмек көрсету, азаматтық қорғау қызметтері үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, мүше мемлекеттер арасында озық тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.