Ыбырай Алтынсарин - 180 жылдығы » КГУ «Общеобразовательная школа №194 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№194 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 372-50-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 372-50-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2021

Ыбырай Алтынсарин - 180 жылдығы

[media=https://www.instagram.com/p/CNJiRHKpLy0/]
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының
игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.