31
июль
2019
Хабарландыру!
2019 жылдың 04 шілдесінен «Мектепке жол» республикалық акциясы басталғандығын хабарлаймыз. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының себеп-салдарын анықтап, олардың алдын алуға бағытталған. Бұл акция 4 шілдемен – 30 қыркүйек аралығында өткізіліп отыр. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен, киіммен қамтылады. Осы аталған қайырымдылық акциясына қатысуға ниет білдіріп, мұқтаж жандарға қол ұшын берем деушілерге есігіміз ашық екендігін хабарлаймыз.