15
март
2023
Спорт шеберлерімен кездесу
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектебімізде үстел теннисінен спорт шеберлері мен және жаттықтырушыларымен кездесу өткізілді. Аталған кездесуге спорт шеберлері Сағым Бейбол Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясының бапкері, Қалман Санжар Қазақстан Республикасы үстел теннисінен чемпионы және халықаралық жарыстардың жеңімпазы, STIGA үстел теннисі клубының директоры, Оразбек Азамат үстел теннисінен Қазақстан Республикасының сегіз дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Ауданбеков Ахат үстел теннисінен Азия біріншілігінің жүлдегері, Қазақстан Республикасының чемпионы мектеп білім алушыларымен әңгіме құрып, спорт жолында қайтпас қайраттың маңызды екенін алға тартты. @orazbek__azamat