Мектепке жол
2025 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер білім беру ұйымына хабарласа алады. 87273725089 87754759195