Қыздар жиналысы » КГУ «Общеобразовательная школа №194 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№194 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 372-50-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 372-50-89
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2025

Қыздар жиналысы

«№194 негізгі орта мектеп» қыздар жиналысына

Анықтама

Тақырыбы: «Қазіргі заманғы қыз бала қандай болуы керек?»  

Өткізілген күні: 24.11.2025ж

Өткізілген орны: №194 негізгі орта мектеп, акт залы   

Қатысушылар: 6-8 сынып қыздары, сынып жетекшілері, мектеп психологы, әлеуметтік педагог


Аталған жиналыс қазіргі заманғы қыз балалардың тұлғалық қасиеттері, тәрбиесі мен қоғамдағы орнына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілді.

Жиналыста көтерілген мәселелер: 

1. Қыз баланың жеке бас гигиенасы  

  • Жасөспірім кезеңдегі физиологиялық өзгерістер  
  • Гигиеналық құралдарды дұрыс қолдану мәдениеті  

2. Сыртқы келбет пен киім кию әдебі  

  • Мектеп формасына сай киіну  
  • Жас ерекшелігіне сай киім үлгісін таңдау  

3. Қыз баланың мінез-құлқы мен сөйлеу мәдениеті  

  • Қоғамда, отбасында, мектепте өзін-өзі ұстау әдебі   
  • Әдептілік пен инабаттылықтың рөлі  

4. Қауіпсіздік және бөтен адамдармен қарым-қатынас  

  • Жеке шекараны сақтау  
  • Әлеуметтік желілердегі сақтық  

5. Қыз бала және отбасы құндылықтары  

  • Ата-анамен ашық диалог  
  • Үлкенге құрмет, кішіге ізет  

Жиналыс қорытындысы:  

Қатысушылар қыз баланың қоғамдағы рөлі, өзін-өзі ұстау әдебі, тұлғалық дамуы және ұлттық тәрбиедегі маңыздылығы туралы толыққанды ақпарат алды. Мұғалімдер мен мектеп психологы тарапынан ұсыныстар беріліп, қыздарға болашақта өздерін зиялы, парасатты, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру қажеттігі айтылды.