Терроризмге қарсы іс-қимыл
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, террористiк қылмыстарды жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығына негізделеді. Сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл бірінші кезекте заңдылықты сақтау, терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы, терроризмнің алдын алуға басымдық беру, террористік