Д.А.Қонаевтың 110-жылдығына орай мектебімізде 10-қаңтар күні жоғарғы лига оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді. Мектеп оқушылары ерекше белсенділік көрсетті.
Мектебімізде 1-4 сыныптарға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлаған мектебіміздің 8-9 сынып білім алушыларынан құралған өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне алғысымызды білдіреміз.
Медеу ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының арасындағы Ұлттық мектеп лигасын іріктеу кезеңі өтті. Мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІІ орынды иеленді.