[media=https://www.instagram.com/p/DEDD1QsKOq9/] Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туылғанына 114 жыл толуына орай Медеу ауданы 18272 әскери бөлімшесінің қызметкерлері келіп мектебіміздің білім алушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен Абдысалам Нұрали - 2 орын, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ерсұлтан Нұрқожа 3 орынды иеленді
Бастауыш сынып апталығы аясында 1-4 сынып білім алушыларының құрамы командалары арасында "Толағай" эстафеталық сайысы ұйымдастырылды. Білім алушылар ерекше көңілмен аталған сайысқа қатыса білді.
Бастауыш сынып апталығы аясындамектеп мұғалімдеріне арналған "Ерекше білім беруді қажет ететін балалар және оларға қолдау көрсету" тақырыбында семинар өтілді.
Мектебіміздің 2024-2025 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 25-30 қараша аралығында “Білім басы бастауышта қаланады, білімменен әлемге жол салынады” тақырыбында бастауыш сынып апталығы өткізілуде. Бүгін 25-қараша апталықтың салтанатты түрде ашылуы өтті.