Жетістіктеріміз » Страница 3 » КГУ «Общеобразовательная школа №194 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№194 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 372-50-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 372-50-89
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білім алушылардың жетістігі
11
февраль
2025
Білім алушылардың жетістігі
Мектебіміздің 2-сынып білім алушысы Төлеген Ерназар Қуандықұлы QAZAQ ART  орталығының ұйымдастыруымен өткен VIII ONER FEST  Халықаралық байқауда  "ВОКАЛ" жанры бойынша І орын иеленді. Құттықтаймыз!
Республикалық турнирдегі жетістіктеріміз
05
февраль
2025
Республикалық турнирдегі жетістіктеріміз
2025 жылдың 28-қаңтар мен 2-ақпан аралығында 2010 жылы туған және одан жас спортшылар арасында үстел теннисінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Алматы қаласының командасы жүлделі І орын иеленді. Мектебіміздің 6-сынып білім алушысы Ерсұлтан Нұрқожа Алматы қаласының құрамында болып аталған жеңіске өз үлесін қосты. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
"Бес тас" ойынынан аудандық біріншілікте жүлделі орындар
27
январь
2025
"Бес тас" ойынынан аудандық біріншілікте жүлделі орындар
Мектебіміздің білім алушылары сенбі күні Медеу ауданы мектептері арасында өткен “Бес тас” ұлттық ойынынан біріншілікте жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иеленді. Құттықтаймыз🎉
Үстел теннисінен Республикалық кезеңге дайындық
16
январь
2025
Үстел теннисінен Республикалық кезеңге дайындық
Үстіміздегі жылдың көктемінде мектеп білім алушылары арасында Республика көлемінде үстел теннисінен өтетін сайысқа Алматы қаласы атынан өз өнерлерін көрсететін мектебіміздің білім алушылары барынша дайындалуда. Білім алушыларымызға сәттілік тілейміз🎉 [media=https://www.instagram.com/p/DE4voX8o9dS/]
Қалалық кезеңге жолдама
13
декабрь
2024
Қалалық кезеңге жолдама
Үстел теннисінен ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ аудандық іріктеу кезеңінде 5-6 сыныптар арасында І орын 7-8 сыныптар арасында І орын 9-11 сыныптар арасында І орынды мектебіміздің білім алушылары иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз🎉
Жетістіктеріміз
04
декабрь
2024
Жетістіктеріміз
Мектебіміздің 5-сынып білім алушысы Маулетканов Аян Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Армия Генералы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай джиу-джитсудан өткен халықаралық ашық турнирде 10-11 жас аралығында 35 кг салмақ дәрежесінде І орын, 11-12 жас аралығында 35 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз! 🎉
Білім алушылар жетістігі
12
ноябрь
2024
Білім алушылар жетістігі
Мектебіміздің 7- сынып білім алушысы Нұрмұхан Томирис "Тайжарыс-Талант" ҚҚ  өнерлі де білімді ұрпақтың ынтасын арттырып, талабын шыңдау мақсатында ұйымдастырылған  "ӨНЕР АЛАҢЫ" ІХ Халықаралық байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!
25-қазан Республика күніне арналған іс-шара
23
октябрь
2024
25-қазан Республика күніне арналған іс-шара
2024-2025 оқу жылында мектебімізде 25-қазан Республика күніне орай 23-қазанда мектеп акт залында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мектеп білім алушылары өз өнерін көрсете білді.
Жетістігіміз
09
октябрь
2024
Жетістігіміз
9-10 сынып оқушылары арасында жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты VI Республикалық зияткерлік байқауының аудандық кезеңінде 9-сынып білім алушысы Адылбекова Айзере  І орынға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!
Алматы қаласы күніне орай ұйымдастырылған конкурстан қанжығалы болған білім алушымыз
18
сентябрь
2024
Алматы қаласы күніне орай ұйымдастырылған конкурстан қанжығалы болған
Мектебіміздің білім алушысы Айганатова Сафия Алматы қаласы күні аясында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен “Менің Алматым, Бояулар құпиясы” атты сурет салу байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! https://www.instagram.com/p/DADn135o1hl/?next=https%3A%2F%2Fwww.instagram.com%2Falmaty_mektep194%2F&img_index=1