2019-2020 оқу жылында өзін-өзі тану пәні бойынша "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік аясында "Екі жұлдыз" өнер сайысы өтті. Сайыс барысында мектеп мұғалімдері мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Мектебіміздің мектеп алды даярлық тобы оқушылары білім шыңына шығуда еңбектенуде. Халықаралық "слон" конкурс ойынында математика пәнінен сайысқа түсіп, жүлделі орындарға ие болды.
Республикалық "Жас дарын" дарынды балалар орталығы ақын Мұқағалаи Мақатаевтың 89-жылдығына орай ұйымдастырылған "САМҒА САМҰРЫҚ ХІ" байқауында "ШЫҒАРМА" аталымы бойынша Жақсыбек Жанел жүлделі орын иеленгені үшін марапатталды.
"Өнерлі өркениет" атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша өнер көрсетіп ерекше көзге түскені үшін Назетхан Аян марапатталды.
Алматы қаласы Медеу аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқуларында өлеңді мәнерлеп жатқа оқумен ерекше дарынымен көзге түскен үшін ІІІ орын иеленгені үшін Жақсыбек нұрсұлтан марапатталды.