Кәсіптік бағдар беру мақсатында 9-сынып білім алушыларымыз Медеу ауданы мектеп бітіруші түлектеріне арналған мамандық және кәсіптік бағдар күнінде болды.
Мектебіміздің 9-сынып білім алушылары Алматы қаласында өткен ХХІ Қазақстандық Халықаралық “Білім және мансап - 2022” көрмесіне қатысып, көптеген ақпараттар алды.
Мектебіміздің 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Алматы қаласының Педагогикалық колледжімен онлайн байланыс өткізілді. Мектеп түлектеріне колледж мамандықтары туралы толық ақпарат берілді.