Ата-аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспары » КГУ «Общеобразовательная школа №194 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№194 жалпы білім беретін мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(727) 372-50-89
Бухгалтерия
+7(727) 372-50-89
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
08
ноябрь
2023

Ата-аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспары

№194 негізгі орта мектебіндегі 2023-2024 оқу жылындағы

Ата-аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспары

Бағыт: «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі негізінде мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі»

Мақсатыбалаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту

Міндеттері:

  • балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
  • балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
  •  балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.



Іс-шара атауытауы

Аяқталу нысаны

Жауапты

Мерзімі

1

Мектепте келесі бағыттармен «Даналық мектебі» клубын құру:

- «Аталар мектебі»;

- «Әжелер мектебі»;

- «Аға мектебі»;

-«Жеңге мектебі» 

Жалпы мектеп жиналысы

 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

қыркүйек

2

 «Даналық мектебі» клубының сабақтарын өткізу:

- Әжелер: «Бесік жыры – бар тәлімнің бастауы»

Әжелер қауымдастығын құру


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

қазан

3

 «Әжелер мектебі» сабақтарын өткізу –  «Әжем үйреткен...» әжелер шеберлік сыныбы (1-4 сынып қыздары арасында өз әжелерімен қолөнер бұйымын жасау видеоролигін жариялау))

Қыздардың қатысуымен жалпы мектептік іс-шара

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, көркем еңбек пәні мұғалімі Досекенова Э.К. 

қараша

4

«Аға мектебі» сабақтарын өткізу 

- «Ағасы бардың – жағасы бар» ағалы-інілі білімалушылар арасында спорттық жарыс өткізу

Ағалар қауымдастығын құру

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері

желтоқсан

5

 «Даналық мектебі» клубының қатысуымен жаңа жылдық шараларды өткізу

Іс-шараларды өткізу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

желтоқсан

6

Аталар, әжелер мен балалардың туысқандарының бірлескен жетістіктер көрмесін ұйымдастыру

 Жалпы мектепішілік іс-шараны өткізу   

Директордың тәрбие ісі жөнінегі орынбасары

қаңтар

7

  «Жеңге мектебі» сабақтарын өткізу - «Қыздар білуге тиіс... (тұрмыстық қажеттіліктер)

Жеңгелер қауымдастығын құру

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

ақпан

8

«Әжелер мектебі», «Жеңге мектебі» мүшелерінің қатысуымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»  мерекесін өткізу

«Отбасылық хобби»  көрмесі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

Наурыз

9

«Даналық мектебі» клубы мүшелерінің қатысуымен «Наурыз» мейрамын өткізу 

Жалпы мектепішілік іс-шара

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

Наурыз

10

 «Ата мектебі» сабақтарын өткізу

 - «Ата кәсіп – берекенің бастауы  (1-4 сынып білім алушылар өз аталарымен бірігіп құстарға ұя жасау)

Мектеп оқушылары үшін қолөнер көрмесін ұйымдастыру


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

сәуір

11

«Аталарға - тағзым!» мерекелік шарасын, «Жеңіс үшін рақмет!» челленджін өткізу


Мектептік іс-шара,  

«Аталар мектебі» клубының мүшелерімен челленджді аяқтау

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

Сәуір

12

«1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекелік шарасын өткізу

Мектептік іс-шара (шеберлер қалашығы,     шығармашылық және қолөнер көрмесі)

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері

мамыр




Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:                            Шалшикбаева Ф.Б.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                           Ынтыбаева С.С.