Мектебіміздің білім алушылары Ғани Мирас, Ерсұлтан Нұрқожа, Шаяхмет Айша үстел теннисінен Алматы қаласының біріншілігінен топ жарып, Республикалық турнирге жолдама алды. Спортшыларға жеңіс тілейміз!
Мектебіміздің білім алушылары мен қызметкерлері ардагер аталарымызға барып, келе жатқан ұлы мейраммен құттықтап қайтты. Игі іс барысында білім алушыларымыз аталарымыздың батасын алды.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестивалі аясында ұйымдастырылған «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» атты аудандық байқауына қатысқаны үшін мектебіміздің білім алушысы Меліс Айзере марапатталды.
5-8 сынып оқушылары арасындағы "ProEco" экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңінің жүлдегері Кабаров Даниил ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Айткужин Р.А.