2021-2022 оқу жылында ата-аналар жиналысы онлайн форматта өтілді. Ата-аналар қойылған сұрақтарына жауап таба алды. Жиналыста мектептегі санитарлық жағдай, оқушы гигиенасы, оқу сапасы талқыланды.
[media=https://www.facebook.com/100014430155304/videos/546386589981432/] Қазақстан халқы тілдер күніне орай мектебімізде "Тіл тұғыры - ұлт ғұмыры" атты апталық өз бастауын алды.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерімізге білім жолындағы алғашқы қадамдары құтты болсын дейміз. Аяулы ана тіліміздің бастауы—Әліппе сендерді биік-биік шыңдарға жеткізсін, әрқашан сәттілік серік жолдарың ашық болсын!
Отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алатын ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 176 жыл. Абай-қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы.