Жолда жүру ережесін сақтау
Мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы Медеу ауданы ПБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н.Тұратай және жол полициясының аға лейтенанты А. Сарсеновтың қатысуымен білім алушыларға жолда жүру ережесін есте сақтау мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында жол ережесінің сақталуының маңыздылығы, мопедтер мен электрлі самокаттарға жаңадан енгізілген заңнама туралы айтылды.